Pегистратура:
8 (71335) 21 2 81
8 (71335) 21 2 84
» » Бүгін Шалқар аудандық ауруханасында ИнтерГаз центральный Азия ГРХ Актөбе мекемесінің қызметкерлері Covid ревакцинациясымен егілді.

Бүгін Шалқар аудандық ауруханасында ИнтерГаз центральный Азия ГРХ Актөбе мекемесінің қызметкерлері Covid ревакцинациясымен егілді.

13 ноябрь 2022, Воскресенье
149
0

Қазақ халқы - табиғатынан үлкенді қадір тұтып, құрметтеген халық. Сондықтан да қоғамымызда қарияларға деген қамқорлық қашанда ерекше болған. Осы үрдісті жалғастыру мақсатында Шалқар аудандық ауруханасының «Саулық» волонтер командасының мүшелері «Жастардан қарттарға көмек» қайырымдылық акциясын ұйымдастырды.Медицина қызметкерлері мұқтаж жандарға қайырылымдылықпен қоса,медициналық тексерістен өткізіп,қан қысымын,қант және холестерин мөлшерін өлшеп,электрокардиограммаға түсіріп,мұң мұқтажын тыңдады.Қарттарға азық-түлік пакеттерін сыйлады.





Қайырымдылық акциясының мақсаты қарттарымызға қамқорлық танытып, қоғамымызды мейірімді болуға шақыру. Акцияның ерекшелігі мұқтаж жандарға бір күндік тіршілігіне атсалысу.
Соңында қарттарымыз жастарға ризашылығын білдіріп, батасын берді. Аталмыш акция алдағы уақытта өз жалғасын табады.



4.18 ақпан күні Шалқар аудандық көркемсурет лицейінің көрме залында 14-16 жастағы оқушылар арасында салауатты өмір салтын насихаттау,нашақорлықтың алдын алу мақсатында «Есірткіге жол жоқ!» тақырыбында шығармашылық байқауы өтті.Байқауға аудан көлемінен 16 мектеп оқушылары қатысты.Оқушылар «Есірткіге жол жоқ!»тақырыбына өз ойларымен сурет салып,суреттерінің мазмұнын түсіндірді.Байқауға Білім бөлімінің бас маманы,салауатты өмір салты кабинетінің медбикесі,прокуратура маманы және ішкі істер бөлімінің қызметкері төрешілік етті.Оқушыларды дипломмен,алғыс хатпен марапаттады.





Қазақстан халқы Ассамблеясының Алғыс айту күніне орай Шалқар аудандық ауруханасының әкімшілігі мен кәсіподақ комитетінің қолдауымен 1 наурыз-Алғыс айту күні атап өтілді. Атаулы күн қарсаңында медицина саласында еңбек еткен ардагеріміз Бимағанбетов Жұбаныш ағай мен жұбайы Шолпан апайға аурухананың бас дәрігері Ж.Ш.Былқайыр мен бөлім меңгерушісі Н.А.Шақшабасова алғысын білдірді.


Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылған күн, яғни 1 наурызды жыл сайын барлық этностың бір-біріне және мейірбандық танытып, ол адамдарды өз туғанындай қабылдаған қазақтарға алғыс айту күні ретінде атап өтілуде. Бұл күн мейірімділіктің, бүкіл қазақстандықтардың бір-біріне деген достығы мен махаббатының жарқын мерекесі.





Мереке күні 1 наурызда Шалқар аудандық ауруханасының мәжіліс залында Алғыс айту күні кең көлемде атап өтілді.Мерекеге медицина саласына қосқан үлестеріне шексіз алғыс білдіру мақсатында осы салада ұзақ жыл еңбек еткен ардагерлер шақырылды.Бас дәрігер Ж.Ш.Былқайыр, дәрігер Т.Н.Назарбаев ардагерлерді мерекемен құттықтап,алғыстарын білдірді.Соңы концерттік бағдарламаға ұласып,ардагерлерге кәсіподақ комитеті атынан сыйлықтар табысталды.





Қазақстан халқы Ассамблеясының 1 наурыз- Алғыс айту күніне орай Шалқар аудандық ауруханасында Ашық есік күні өтті.Ашық есікте тұрғындардың қан қысымы,қант және холестерин мөлшерлері өлшеніп,кеңестер берілді.Ақпараттық материалдар таратылды.Тұрғындар Алғыс айту тақтасына өз алғыстарын жазып қалдырды.Медицина қызметкерлері өз алғыстарын жүрек белгісіне жазылған тілектерін ұсынды.

Облыс әкімінің орынбасары Б.Елеусінованың «Салт дәстүрі жараса,Наурыз келді жаңаша!» Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мейрамын тойлауға арналған тұжырымдамаға сәйкес 14 науыз-Көрісу күні Шалқар аудандық ауруханасында атап өтілді.Көрісу күні- халық қыстан аман-есен шыққанына,көктемге аяқ басып,туыс-туған,көрші-көлеммен жүздескеніне қуанып,қол алысып,төс қағысады. Шалқар аудандық аурухана қызметкерлері ұлттық киім киіп,жұртшылықпен көрісу салтын жасады.Шашу шашылып,қазақи тағамдардан дастархан жайлып,мерекелік әндер орындалды.




Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Б.Елеусіновамен бекітілген «Салт дәстүрі жарас,Наурыз келді жаңаша!» Ұлыстың күні Наурыз мейрамын тойлауға арналған тұжырымдамасында белгіленген 18 наурыз-Игі істер күні ұйымдастырылды.
Обсудить
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши врачи
Ссылки