Pегистратура:
8 (71335) 21 2 81
8 (71335) 21 2 84
» » 14 қараша – Дүниежүзілік диабетке қарсы күрес күні

14 қараша – Дүниежүзілік диабетке қарсы күрес күні

14 ноябрь 2017, Вторник
1 246
0

Диабетке қарсы күрес күні 1991 жылы Халықаралық диабеттер федерациясыменбекітілген және 14 қараша инсулинді ашуда ерекше орны бар ғалым Фредрик Бантингтің туған күнімен орайластырылған.Жылма –жыл диабетпен науқастанатын адамдардың саны өсуде,сондықтан бұл дерттің алдын алуда өткізіліп отырған іс-шараның маңызы зор.

Қант диабеті созылмалы әлеуметтік аурулардың бірі,ол асқазан асты безінің жеткілікті инсулин гормонын шығармаған кезде, қандағы қанттың мөлшерін дұрыс бақылай алмаған жағдайда туындайтын ауру.Сондықтан қандағы шекердің мөлшері қалыпты жағдайдан жоғары көтеріліп,жүйке жүйесінің, қан-тамырлардың,жүректің,бүйректің қызметінің бұзылуына әкеліп соғады.

Осы күн аясында аудандық емханада «Ашық есік» күні ұйымдастырылды. Дәрігер эндокринолог Б.Елеусизова, акушер-гинеколог А.Қазымбетова және СӨСҚК дәрігері қатысып дұрыс тамақатану, аяқ күтімі туралы дәріс оқыды және жүкті әйелдердегі кездесетін диабет туралы айтылды. Бейнероликтер көрсетілді. Тұрғындардың АҚҚ,қандағы шекер мөлшері анықталып кеңес берілді.Қауылжыр ДА-да дөңгелек үстел өткізілді. Ақпараттық оқыту материалдары таратылды.

Обсудить
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши врачи
Ссылки