Денсаулық сақтау саласының 2016
- Денсаулық сақтау саласының 2016-2019 жылдарға арналған "Денсаулық" мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында медицина қызметкерлерінің арасында "Белсенді өмір-жүз жастық ғұмыр" атты ұранмен өткен Денсаулық фестиваліне Шалқар аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері А.М.Есмағамбетов құттықтау сөз сөйлеп,сәттілік тіледі. Денсаулық фестивалінде түрлі жарыстар ұйымдастырылып "Эскулап"командасы бірінші орынға, "Сұңқар" командасы екінші орынға, "Бәйтерек" командасы үшінші орынға, "Денсаулық" командасы төртінші орынға ие болды. Шалқар аудандық аурухана әкімшілігі атынан қатысқан командаларға сыйлықтар табыстап, дипломдармен марапаттады.