Акция мақсаты: туберкулез ауруының алдын алу шаралары, яғни медициналық тексеруден және флюрографиядан уақытылы өтуге шақыра отырып, тұрғындардың назарын аударту.
Осы мақсатта, Шалқар аудандық орталық ауруханасының жастары «Ақ ромашка» символын тұрғындарға таза тыныс, таза өкпе және қоршаған орта екендігін түсіндіріп ақ ромашка гүлін және ақпараттық оқыту материалдарын таратты.Жастар флешмоб биледі.