12 мамыр – Дүниежүзілік Артериялық гипертониямен күрес күніне орай «Артериялық қан қысымыңызды бақылай отырып,өміріңізді басқарасыз!» атты ұранмен Салауатты өмір салтын қалыптастыру кабинетінің мамандары мен дәрігерлері «Мерей» сауда үйінде акция өткізіп,тұрғындардың қан қысымын өлшеді.Сонымен қатар, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі жайлы айтып, сұрақтарға жауап берді. Ақпараттық оқыту материалдары таратылды.