Pегистратура:
8 (71335) 21 2 81
8 (71335) 21 2 84
» » Дүниежүзілік сүт безі обырының алдын онкүндігі

Дүниежүзілік сүт безі обырының алдын онкүндігі

23 октябрь 2017, Понедельник
1 201
0

Сүт безі қатерлі ісігі онкологиялық аурулардың ішінде алдыңғы орында тұр.Бұл науқастың көбеюі бір жағынан диагностиканың жақсарғаны болса, екінші жағынан аборттың көбеюінен, балаларды аз туғанан, жас сәбиін 2 жасқа дейін емізбегеннен және жыныс органдарының функциясының өзгеруімен тікелей байланысты. Мұның бәрі әйелдердің жыныс органдарының ауыруына, гармоналдық тепе-теңдіктің өзгеруіне, әсіресе ұрық арқылы шығатын эстроген гармонының көбеюіне және емшекте әртүрлі қатерлі ісіктердің пайда болуына әкеп соғады. Ғалымдардың зерттеуі бойынша, майды және қантты көп пайдаланатын әйелдерде сүт безі рагы жиі кездесетіні байқалады. Бұл организмдегі тепе-теңдіктің бұзылуына әсер ететін маңызды факторлардың бірі болып саналады. Егер әйелдер үш айда майлы ас ішуді қысқартса, организмдегі эстроген гармоны азаяды, сондықтан да сүт бездері қатерлі ісігі айтарлықтай төмендейді екен.

21 қазан сүт безі қатерлі ісігімен күрес күніне орай Шалқар аудандық емханасында «Ашық есік"күндері ұйымдастырылып  акушер-гинеколог, онколог мамандары ,СӨСҚК дәрігері келген әйелдерге кеңес беріп,алдын алу шараларына тоқталды,яғни айына 1 рет өзін-өзі тексеру, жиі аборт жасатпау, майлы тағамдардан бас тарту,жеміс-жидек,көкөністі көбірек пайдалану, баланы 2жасқа дейін емізу және бала саны неғұрлым көп болғаны, уақытында скринингтік тексеруден өту .Өзін-өзі тексеруді үйретті. Бейнероликтер көрсетіліп, АҚҚ, қандағы шекер,холестерин мөлшері өлшенді. «Отбасын жоспарлау " , «Босануға дайындық"мектептерінде акушер-гинекологтар семинар-тренинг өткізді. «Халық ақпарат» , «Шежірелі өлке» газеттеріне «Сүт безі обырының алдын алу» туралы мақалалар жарияланды. Ақпараттық оқыту материалдары таратылды.

Обсудить
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши врачи
Ссылки