Pегистратура:
8 (71335) 21 2 81
8 (71335) 21 2 84
» » 19 қараша - Халықаралық темекімен күрес күні

19 қараша - Халықаралық темекімен күрес күні

20 ноябрь 2017, Понедельник
15
0

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы аясында 2017 жылдың 13-22 қарашасы аралығында Дүниежүзілік темекімен күрес күніне орайластырылған 19 қараша 2017 жыл онкүндік өткізілді.

Темекіні тарту Еуропа өңіріндегі (бұдан әрі — өңір) қоғамдық денсаулық сақтау саласының күрделі мәселесі, өңірдің құрамына шамамен 900 млн халқы бар 53 мемлекет мүше, оның ішінде  252 млн (28%) жуық адам шылымқор болып табылады.  Өлім-жітім себептері өмір сапасына қатты әсер ететін созылмалы аурулар және өмірді жүрек-қантамырлар ауруы, созылмалы бронхит, эмфизема, демікпе мен түрлі онкологиялық аурулар, оның ішінде өкпе обыры шектейді. Темекі шегу қант диабеті, ревматоидтық артрит және катаракта секілді денсаулықтың бұзылуы себепті, сонымен қатар бала көтеруге, жалпы физикалық жағдайға және ағзаның барлық мүшелері мен жүйелерінің қызметіне кері әсер етеді.

Жыл сайын темекіні тұтынудың нәтижесінде 7 миллионға жуық адам қаза табады, егер күш жұмылдырылмаса 2030 жылға дейін болжам бойынша бұл көрсеткіш жылына 8 миллион адамнан асады.Онкүндік аясында «Ашық есік» күндер ұйымдастырылып, «Желкен» ЖДО да оқушылар арасында семинар-тренингтер, денсаулық мектептерінде «АГ және ЖИА» , «Қауіп қатер факторлары және СӨС» , «Астма» семинар сабақтар өткізілді.Бейнероликтер көрсетіліп АОМ таратылды.


Обсудить
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Сообщение
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Наши врачи
Ссылки